ШҚО-дағы түрмеде сотталушылар жаппай тамырларын кескен: Жауаптылар түсіндірді

68

Фото: freepik.com

Таралған ақпаратқа қатысты ҚАЖ департаменті ресми мәлімдеме жасады.

«ШҚО бойынша ҚАЖ жепартаментінің № 18 түзету мекемесінде сотталғандар жаппай өз-өзіне қол жұмсағаны туралы WhatsApp мессенджерінде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда 14 қыркүйек күні осы түрмеде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғанын хабарлаймыз. Сотталғандар бұл әрекетін мекеме тәртібімен келіспеуіне байланысты жасағанын, ұстау тәртібі мен шарттарды жұмсартуды, атап айтқанда, мекемеде еркін қозғалып тұруды, телебағдарламаларды көруді және камера есігін құлыптамауды талап ететінін түсіндірген», – делінген департамент хабарламасында.

Сотталғандар ауруханаға жатқызылмай, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бұл дерек анықтамаларды тіркеу кітабына тіркелді.

«ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Мекемеге прокуратура өкілдері келіп, жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді», – делінген хабарламада.

https://stan.kz/shko-dagi-turmede-sottalushilar-zhappay-tamirlarin-kesk-388267/

Leave A Reply

Your email address will not be published.