17 дәрігер 3 жыл емдей алмаған баланы жасанды интеллект құтқарып қалды

29

Ешқандай нәтиже болмаған соң әйел жасанды интеллекттің – ChatGPT-дің көмегіне жүгініпті.

17 дәрігер 3 жыл емдей алмаған баланы жасанды интеллект құтқарып қалды
 theconversation.com

Ұлыбританияда 17 дәрігер дұрыс диагноз қоя алмаған баланы жасанды интеллект құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz dailymail.co.uk-ге сілтеме жасап.

Алекс есімді баладан 4 жасында белгісіз дерт белгілері байқала бастайды.  Көп ұзамай, ашуланшақ және әлсіз, агрессивті бола бастаған, оған қоса, басы ауырып, аяғын сылтып басатын болған.

Баланың анасы Кортни 3 жыл бойы аурудың диагнозын анықтауға тырысыпты: осы уақыт ішінде олар педиатрдан тіс дәрігеріне дейін жалпы саны 17 дәрігерге қаралған. Ешқандай нәтиже болмаған соң әйел жасанды интеллекттің – ChatGPT-дің көмегіне жүгініпті.

Алекс. dailymail.co.uk
Алекс. dailymail.co.uk

ChatGPT балаға сирек диагноз – «жұлынның бифидасы және жұлынның ақауы». Ең ғажабы, диагноз дұрыс болып шыққан, осылайша балаға операция жасалып, жазылып кеткен.

Басылымның жазуынша, ChatGPT 72% жағдайда дұрыс диагноз қоятынын зерттеулер дәлелдеп отыр екен.

 

https://turkystan.kz/article/233498-aza-standy-futbolshy-serbiya-chempionatynda-dop-tebedi

Leave A Reply

Your email address will not be published.