Ақтауда 17 жастағы жеткіншек көпқабатты екі үйдің ортасына құлап түскен

75

8 қыркүйекте Ақтау қаласында 16 шағын ауданның 59-үйінің шатырынан 17 жастағы бала құлап, көпқабатты екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кетті. Бұл оқиғаға қатысты полиция іс қозғаған.

ТЖД қызметкерлері 2006 жылы туған жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Жеткіншек қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.

Куәгерлердің сөзінше, жасөспірім достарымен бірге құрылысы аяқталмаған үйдің шатырында ойнап жүрген. Сол уақытта екі көпқабатты үйдің ортасына бекітілген пенопласт плита сынып, бала қуысқа түсіп кеткен.

ТЖД мәліметінше, жедел жәрдем диспетчеріне «бала 2 үйдің ортасына құлап, қысылып қалды» деген ақпарат түскен.

«Адал» ТҮК құрылысын салушы – «Интерьер Строй Актау» ЖШС. Тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылы басталған. ТҮК 7 қабат, 4 кіреберіс, 98 пәтерден тұрады. Тұрғын үй әлі пайдалануға берілмеген. Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғады», – деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

https://turkystan.kz/article/233026-aktauda-17-zhastagy-zhetkinshek-kopkabatty-eki-uydin-ortasyna-kulap-tusken/

Leave A Reply

Your email address will not be published.