Жолдауда айтылған әр мәселе маңызды

188

Даму жолымыз әрдайым теп-тегіс, даңғыл болмайды. Ешкім де сырттан келіп, Қазақстанды көркейтіп жібермейді. Ол үшін еліміздің әрбір азамаматы заман талабына сай болуға тиіс. Жалпы, халқымыздың осындай дағдарыс кезінде біртұтас болуы керек деген.
            Демократиялық бағытқа сене отырып Ұлттық құндылылыққа арқа сүйеуіміз керек, өз дүниетанымыздың жемісіне қандай өшпенділік болуы мүмкін. Отбасылық тәрбиенің де олқа кеткенін мойындаған жөн болар. Намысшыл, сезімталдығымыз, мінез-құлық жағынан алғанда асыл текті әрі кең пейілді мызғымас күшке ие, діні, ділі мен Отанына деген ынта-ықыластары кімге болмасын жігер беретін жан емес пе едік?!
Білім саласына келетін болсақ бұқараландыру, имандылық, рухани тәрбие жағын қолға алу. Имандылық – бұл сөз жүзінде емес, іс жүзінде мына негіздерді мойындап, бекіту. Әрбір бала қоғамның жоғары әлеуметтік байлығы, сондықтан онда азаматтық, жоғары парасаттылық, ақылдылық, адамгершілік пен дене тән сұлулық саласын, адам баласының өзі қоршаған табиғатпен ештене байланыста екенін бойына сіңіру парызымыз. 
Мектеп (оқу орны) әмірлік билік емес, ақыл парасат билігі үстемдік жасау керек.
Оқу орындары отбасы ата-аналармен, ардагер ұстаздармен біте қайнасып жұмыла жұмыс жасауы керек. Кейінгі кезде отбасы тәрбиесінде олқылық кеткенін мойындағанымыз жөн.
Ақпараттық желі интернет әлемі баулап алып көптеген теріс бағыттар енуде бұл мәселені ескерген жөн.
ҚР Оқуағарту министрлігі жанында Ардагерлер кеңесінің құрылуы – құптайтын іс.
Бүлдіршіндерді балабақшаға, жас балаларды мектепке, жастарды жоғары оқу орнына артып қоймай, бірлесе ата, әже, ата-ана қасиетті отбасы тәрбиесіне көңіл бөлейік. Үлкен орта, кіші буын арасына жік түсірмей жағдай жасап дамыту керек, ойды жүзеге асыратын осы бүгінгі Ұлттық құндылықты жүзеге асыру міндеттіміз.
Бұл тарапта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қомақты
істер қолға алынып жатыр.
Жолдауда көтерілген жер, су мәселесі – бұл экологиялық тәрбие .
Табиғатқа қамқор болу  адамзат баласының абзал парызы. Балыққа су, құсқа ауа, аңға-орман, тоғай , тау, дала қандай қажет болса, адам баласы үшін Отан деген ұғым сонша қажет. Ал табиғатты сүю  Отанға қамқор болудеген сөз. Адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас баспана. Бұл саладада университет тарапынан істеліп жатқан жұмысты ары дамыту, ғылыми ізденістерді өрбіту – парыз. 
Әркімнің жолы әртүрлі. Әркімде өзінің жеке мақсатына ортақ бірнәрсе арқылы жетеді. Еңбек жолы, өзінің алдына мақсат қоюы, тәжірибеде сынау, есептеу, ақыр аяғында, жеңіс салтанатын көру. Жүріп өткен теп-тегіс болған жоқ, ол күнделікті күрес үстінде өткен жол екенін осының бәрін айтатын үлкен буынды дәріптей білейік. Адам бойындағы мың құбылған мінезді, пенделік тіршілікті,қоғамды апатқа алып баратын ашкөздік, тойымсыздық , қанағаттың жоқтығы, дүниеқоңыздыққа, теңсіздікке, алыпқашпа сөзге еліктеушілікке тосқауыл болатын, қоғамда ордалы ой айтып, ұтқыр байлам жасайтын ерекше құрметке ие болған. Көкірегі шот ардагерлер өкілдері ат салысып, жөн айтқаны орынды болар еді.
Сондықтан ілкіде бұлыңғыр көрінген тұтас рухани өмір еш бұлдырсыз өтті деу шындыққа жанаспайды. Халқымыздың тарыдай шашылған тарихын таспихтың тасындай мөлдіретіп тізіп жинау баяғыдан осы күнге дейін сараптап келеміз.
Айдар таңылған атаулы жылдар бірінен соң бірі үзіліссіз жалғасып жатыр. Сондықтан егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының ұлттық құндылық бастауларын түзегеніміз жөн.

Б.Әлмұхамбетов,Абай атындағы ҚазҰПУ

Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.