Шашты күн сайын жуған дұрыс па? – Маман кеңесі

345

Шашыңызды жиі жуасыз ба, әлде керісінше ме? Бірақ шашты мезгілсіз жуу шаш үлгіңізді бұзып қана қоймай, денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін екенін ойламаған боларсыз, деп жазды turkystan.kz.

Қазір көптеген адам күн сайын шашын жуады. Басқалары мұны екі-үш күнде бір рет жасаса, ал енді бірі үшін аптасына бір рет жуу жеткілікті. Дәрігерлер шашты қаншалықты жиі жуу керектігіне әсер ететін бірнеше факторды атады. Ал дерматологтар мен шаштараздар бұған нақты жауап бермейді. Дегенмен шаштың қалыңдығы, ұзындығы және терінің майлылығы сияқты кейбір факторларды ескерген жөн. Сондай-ақ мамандар шаш жуу кестесін өзіңіз тұратын ортаға байланысты құру керек екенін айтады. Өйткені қалада тұратын адамдар әдетте тез ластанғандықтан шашын жиі жууға мәжбүр.

«Егер бас теріңіз майлы болса, күнделікті немесе екі күн сайын сусабынмен жуып тұру пайдалы болуы мүмкін. Әсіресе бұл жұқа, тік, толқынды немесе бұйра шашқа қатысты», – деді шаштараз Кевин Манкусо.

Құрғақ шашты үш-төрт күн сайын жуу ұсынылады. Егер мұндай шашты жиі жусаңыз, сынғыштық пайда болып, шаш түсуіне әкеледі.

Сонымен қатар дерматологтар шаш жуудың «алтын ережесі» жоқ екеніне сенімді және гигиеналық процедуралар кестесін ең алдымен теріңіздің майлылығына қарап құру керек екенін айтады. Олар, сондай-ақ, кейбір адамдар үшін аптасына бір рет қана шаш жуған пайдалы екеніне сенімді.

«Егер адамның терісі майлы болса, шашыңызды күн сайын жууға болады. Егер құрғақ болса, аптасына бір рет жууға болады. Ал «лупасы» бар адамдар аптасына кемінде екі рет, қайызғаққа қарсы сусабынмен жууы керек», – деп бөлісті дәрігер Франческо Фуско.

Шаш мамандарының енді бір тобы шашты күнделікті жуу зиян екенін айтады. Бұл ең алдымен шаш үлгісіне, теріге әсер етеді. Әсіресе шашыңыз боялған болса, түсі тез оңады.

«Шашыңыз құрғақ болса, күте тұрыңыз. Оны күшті әрі жылтыр ету үшін табиғи майыңыздың бір бөлігін сіңіргені жөн», – деді колорист Стефани Браун.

Маман жуғаннан кейін келесі күні бастың кірленгенін сезсеңіз, тазартқыш кондиционерді немесе құрғақ сусабынды пайдалануды ұсынады.

 

Дереккөз: Pop Sugar

https://turkystan.kz/article/227933-shashty-kun-sayyn-zhugan-durys-pa-maman-kenesi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.