Есірткі сатумен айналысқан қазақстандықты Германиядан экстрадициялады

117

Германия үкіметі ҚР Бас прокуратурасының есірткіні заңсыз сақтағаны және ірі мөлшерде таратқаны үшін іздеуде жүрген азаматты ұстап беру туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Күдікті қылмысты 2020 жылы Астанада жасаған, содан бері ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынғандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері СІМ қолдауымен күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады.

Ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Аталмыш қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

https://turkystan.kz/article/227698-esirtki-satumen-aynalyskan-kazakstandykty-germaniyadan-ekstraditsiyalady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.