Жетісу облысында 15 лауазымды тұлға ұсталды

103

Жетісу облысының бюджетінен 16,5 млрд қолды болған.  Прокурорлар осы дерек бойынша бес бірдей қылмыстық іс қозғап, 15 лауазымды тұлға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, осындай айыппен тағы екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Прокурорлардың айтуынша, шенеуніктер былтыр да дәл осылай қазына қаражатынан 420 миллион теңге ұрлаған. Осы күнге дейін 5 адамға қатысты сот үкімі шығып, мемлекетке 230 миллионнан астам теңге қайтарылды.

Бұдан бөлек, Талдықорғанда коттедж қалашығын салу кезінде бюджеттің жарты миллиард теңгесін жымқырғандар да ұсталды.

«Бірқатар мемлекеттік қызметкер қамауға алынып, қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Жақын арада соңғы процессуалдық шешім қабылданып, іс сотқа жолданады, кінәсі дәлелденетін барлық тұлғалар да анықталатын болады», – деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.

https://turkystan.kz/article/227692-zhetisu-oblysynda-15-lauazymdy-tulga-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.