Адамдардың заңсыз көші-қонын бизнеске айналдырған адамдар ұсталды

102

Кез-келген елдегі шекаралас аймақтар көбіне  қылмыстық белсенділік өршіген  аумақ  болып табылатыны белгілі. Осыған байланысты прокуратура органдары шекара маңындағы құқыққа қайшы  әрекеттің алдын алу және оған қарсы күресу, әсіресе жастарды қылмыстық әрекетке  тартуға қатысты шараларға ерекше назар аударуда.

Жамбыл аудандық  прокуратурасының нұсқауы бойынша ауданның полиция бөлімі  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактісі  анықталды.

Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасының  20 жастағы азаматы мен Қырғыз Республикасының 26 жастағы азаматының әрекеттері  әшкереленді, олар үшінші тұлғалармен  мәмілеге келе отырып, еңбек мигранттарының трафигін қамтамасыз еткен. Мәселен, ресми өткізу пункттерін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге көмектескені үшін  олар Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтарынан 300-500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Алайда шетелдік азаматтар өз елдерінен кетуге құқылы емес еді, өйткені олардың деректері  борышкерлер тізіміне енгізілген.

Аталған факті бойынша  ҚР ҚК 394-бабының  2-бөлігі және 392-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Жамбыл аудандық сотының 26.06.2023 жылғы үкімімен Қырғыз Республикасының азаматы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, Қазақстан Республикасының аумағына  5 жыл мерзімге дейін  кіруіне шектеу қойылды.

Жасөркен ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергелу барысында, оның қорытындысы бойынша  процестік  шешім қабылданатын болады.

Жамбыл ауданының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.