Әнші, ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген жақында өмірде өткен атасына арнап жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің,кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.