Қала тұрғындарымен болған кездесулерде «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің аумағындағы зираттарды қоршау мәселесі бірнеше мәрте көтерілген болатын.
Өтініш – тілегін айтқан көпшілік зират маңайы ашық жатқандықтан онда мал жайылып, марқұмдардың құлпытастарына зақым келіп жатқанын айтқан еді.
Тұрғындардың өтінішін ескерген қала әкімі Бақытжан Орынбеков тиісті мекемеге тапсырма беріп, зират аумағы көп ұзамай қоршалды.
Жасалған жұмысты қала әкімі арнайы барып көріп, мердігер компанияға қоршау аумағын әлі де созу қажеттігін ескертті.
Бүгінгі күнге ұзындығы 1144 метр болатын зират айналасы қоршалды. Тиісті жұмысты «Кристалл Строй Сервис» ЖШС жүргізді.