Облыстық кітапхана ҚАЖ департаментіне 250 кітап сыйлады

162

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелеріндегі кітапханалардағы кітап қоры — 23 мыңнан данадан асады. Оның ішінде сүбелі шығармалар да мол.

Жуырда облысының орталығында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапхана 2022 жылы жасалған кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыру туралы меморандум аясында департаментке «Шекарасыз оқу» жобасы шеңберінде тағы 250 кітап  табыстады. Өткен жылы кітапхана департаментке 700-ден аса кітап сыйлаған. Биыл да бұл жұмыс жалғасын та абереді. Департаменттің әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы тобымен бірлесе жұмыс істеп жатқан кітапхана арасында берік байланыс орнатылған. Аталған туындылар бұдан кейін ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерге беріледі.

Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау өңірлік ҚАЖ департаментінің үнемі назарында. Кітап сыйлаған кітапхана басшылығына алғысымызды білдіреміз. Мекемелерде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс істейді. Жазалы жандардың түзу жолға түсуіне – кітап өз септігін тигізетіне сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.