Облыс имамдары үшін арнайы курстар өтуде

585

Ағымдағы жылдың 6-19 тамызы күндері Тараз қаласындағы «һибатулла Тарази» медресесінде Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының тапсырысымен «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру курсы» ұйымдастырылуда.

Имамдардың біліктілігін арттыру курсын Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің жанындағы Экстремизмнің  алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының ғылыми дәрежелі оқытушылар құрамы жүргізеді.

84 сағаттан тұратын 2 апталық курста Тараз қаласы мен аудандар көлемінен 100 жас имам біліктілігін арттырады және курс аяқталған соң оларға арнайы сертификат табысталатын болады.

Курстың мақсаты – облыс көлеміндегі мешіт жамағаттарының арасында кездесетін  деструктивті діни идеологияның алдын алу, сыңаржақ бағытта жүрген азаматтарға ғылыми тұрғыда дін мәселелерін түсіндіріп бере  алатын имамдар корпусын қалыптастыру болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.