Астанада жоғарғы қабаттан құлаған бүлдіршін аман қалды

84

6 мамыр күні Астанада Байтұрсынов 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 3-қабаттан құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөздің ақпаратынша, анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамаған.

Қуанышқа орай көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады. Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.

https://turkystan.kz/article/222231-astanada-zhogargy-kabattan-kulagan-buldirshin-aman-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.