Қызылорда облысында қырым-конго безгегінен 1 адам қайтыс болды

664

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында қырым-конго безгегінен 38 жастағы азаматша қайтыс болды.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында кене шағу жағдайы жиі кездеседі. Оған себеп  ауа-райының құбылмалы болуы. Сыр өңірінде табиғат құбылысы бірде жылы, бірде салқын қабақ танытып тұр. Бұл жағдайда кенелердің көбеюі көрініс береді. «Жалпы, Қызылорда облысы бойынша кененің көп кездесуі жөнінен облыстың оңтүстігінде орын тепкен Жаңақорған мен Шиелі аудандары алаңдатады. Қайғылы жағдай да сол аймақта тіркеліп отыр. Соңғы жылдарда кененің кездесуі облыстың барлық аймағында да байқалады. Аталмыш науқас 27 шілдеде ауруханаға түскен. Дәрігерлер қолдан келген барлық медициналық көмегін көрсетті. Алайда науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болған жоқ», — деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова. Облыс көлемінде қырым-конго безгегі бойынша қолайсыз елді мекендер саны жылдан-жылға артып отыр. Ол 2014 жылы 116 болса, 2018 жылы 127 елді мекенге көбейіп кеткен.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.