Семейдегі интернатта қайтыс болған балаға қатысты тергеу басталды

216

Семейде кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды деп хабарлады turkystan.kz.

7 сәуір күні мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала жан тапсырған.

Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.