Павлодарда баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды

89

Павлодарда балабақшалардың бірінде баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды. Ал мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео таралды. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақтап, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

«Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», – деп жазды білім беру бөлімінен.

Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.

https://turkystan.kz/article/219388-pavlodarda-balany-shapalakpen-urgan-terbieshi-zhumystan-bosatyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.