«Ең жас жазушы»: ШҚО-дағы 9 жасар оқушы кітабын шығарды

94

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында тұратын Ералы Пазылбекұлы 4 жасында әріп таныған. 8 жасында қазақ халық ертегілерінің барлығын дерлік оқып шыққан соң, «Неліктен өзім әңгіме жазып, өзгелерді оқытпасқа?» деген ойға келген. Содан бері түрлі ертегі жазады.

Ең алғаш жазған «Ғажайып саяхат» деп аталатын ертегісі «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген. Елдегі ең жас қаламгердің қоржынында шығармашылық, әдеби байқаулардан алған жүлделері де аз емес. «Республикалық балалар оқулары» байқауында 3-орын иеленген. Қазақстандағы балалар әдебиеті жылы аясында А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының «Ертегілер – ғажайып әлем» байқауында жеңімпаз атанған.

Биыл жас дарынның «Ералының ертегілері» атты алғашқы жинағы жарыққа шықты. Жинаққа «Ғажайып саяхат», «Кітаптар мұңы», «Ғажайып қалам», «Судың да сұрауы бар», «Айымның қателігі..», «Үшінші бала», «Екі дос», «Жанашырлық», «Көгершіннің балапандары», «Менің әпкем» сияқты ертегілері топтастырылған.

https://turkystan.kz/article/218705-en-zhas-zhazushy-shko-dagy-9-zhasar-okushy-kitabyn-shygardy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.