Ақтөбеде әйел мен оның ұлын өлтірген адам әлі табылмады

100

Ақтөбеде үш күн бойы әйел мен оның ұлын өлтірген адам іздестірілуде деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, бүгінге дейін күдіктілерді ұстау мүмкін болмаған.

«Қылмыскерді анықтауға және ұстауға арналған іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 29 наурызда сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны хабарланған болатын.

Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының зорлықпен өлтіру белгілері бар денесін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

https://turkystan.kz/article/218698-aktobede-eyel-men-onyn-ulyn-oltirgen-adam-eli-tabylmady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.