Ақтаулық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарып қалды

123

Ақтауда патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды суицидтен құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz ІІМ-не сілтеме жасап.

102 кезекші пультіне Ақтау қаласы 31Б шағын ауданы «Rose» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақшы деген шақырту түсті.

Патрульдік полицияның құрамында полиция лейтенанты Тлеубай Нұрлан және полиция аға лейтенанты Бердібаев Бахтияр сынды қызметкерлері бар «Мираж-10» жасағы айтылған мекенжай бойынша шақыртуға жетеді. Көмекке патрульдік полиция батальоны инспекторлары келді. Айтылған мекенжай бойынша дерек расталмай, полиция қызметкерлері өзге пәтерлерді тексеру барысында, есігі ашық тұрған пәтерді байқады. Полицейлер әлдеқандай дыбыстар естіп, үйіне кіргенде жуынатын бөлмеде ер адамның төсек жайма арқылы асылып жатқандығын көреді.

Полицейлер ер адамды құтқаруға әрекет жасап оның өмірің өлімнен арашалады. Ер азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, полицейлердің еріп отыруымен ауруханаға жеткізілді.

https://turkystan.kz/article/218662-aktaulyk-politseyler-er-adamdy-suitsidten-kutkaryp-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.