«Мұғалімді зорлаған»: Алматыда мектеп басшысы қызметінен кетті

112

Алматыда аз қамтылған отбасы балаларына арналған №10 мектеп-интернаты директорының міндетін атқарушы сексуалдық жанжалдан соң қызметінен кетті деп хабарлады turkystan.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оған бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Тәжібаеваның ток-шоулардың бірінде сөйлеген сөзі себеп болды. Қызметкердің айтуынша, мекеме басшысы жұмыс орнында оны балағаттап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Мәлімет бойынша, ер адам кабинетінде қызмет бабын пайдаланып, қызметкерін жұмыстан тыс уақытта кездесуге мәжбүрлеген. Ол амалсыз 35 000 теңгесін қиып, басшысын дәмханаға шақырады.

«Отырыстан шыққан соң жаныма жақындап, шешіне бастады. Жыладым, қарсылық көрсеттім, тиіспеуін өтіндім, бірақ мені тыңдаған жоқ. Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі», – дейді Гүлмира Тәжібаева көзіне жас алып.

Ұстаз бастықтың кек алуынан қорқып, оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарламаған. Содан кейін ер адам бірнеше ай бойы бағыныштысын басынуды жалғастырып, тағы жыныстық қатынасқа түсуді сұраған. Жәбір көруден шаршаған ол «Ащы шындық» ток-шоуына жүгінген.

Бағдарламаға барған мұғалім заңгерлер Айдын Нұрмұхамбет пен Мейірман Шекеевтің көмегіне жүгініп, Алматы қалалық әкімдігіне шағымданған.

Түсірілімнен кейін телестудиядан шыққан мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазған. Келесі күні ол бет-бейнесін теледидарға шығаруға қарсылық білдірген. Барлық арыз-шағым шешімін тауып, дау толық шешілгенге дейін редакция хабар таратуды уақытша тоқтатты.

https://turkystan.kz/article/218649-mugalimdi-zorlagan-almatyda-mektep-basshysy-kyzmetinen-ketti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.