Елордада қатерлі ісікті емдейтін препарат сынақтан сәтті өтті

106

Астанадағы ядролық медицина орталығының базасында осымен екінші рет радиофармацевтикалық препарат сынақтан сәтті өтіп, өндіріске жіберілді. Бұл туралы ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Президент іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасының жағымды жаңалығы бар. Жұма күні осы хабарды бөліскенді жөн көріп отырмын. Клиника базасындағы ядролық медицина орталығында 18F-NaF (натрий фтор) радиофармацевтика препаратын шығару жобасы сәтті жүзеге асты. Бұл препарат сүйектегі ісік метастазаның барлық түрін, сонымен қатар зақымданған сүйек ісіктерін диагностикалауға арналған. Осылайша, біздің мамандар сүйек қатерлі ісігін емдеуде маңызды нәтижеге қол жеткізді», – деп жазды Айбек Дәдебаев Telegram парақшасында.

Елордада қатерлі ісікті емдейтін препарат сынақтан сәтті өтті

Сонымен қатар ол алдын ала валидациялық іс-шаралар жасалып, мамандар жаңа препараттың GMP талаптарына (тиісті өндірістік практика) сай екеніне көз жеткізгенін атап өтті.

Одан бөлек, аталған препараттың халықаралық жоғары стандарттарға сай екені айтылды.

«Естеріңізде болса, Президент іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы жанындағы циклотронды-өндірістік кешен былтыр қазан айында ашылған еді. 18F-NaF – осы орталықта сәтті шығарылып отырған екінші радиофармацевтикалық препарат. Биыл қатерлі ісік ауруларына қатысты диагностикалық зерттеу жүргізуге арналған тағы үш препарат өндіріске жіберілмек. Барлық талдаулар шетелде емес, Астанада жасалады», – дейді ол.

https://turkystan.kz/article/218629-elordada-katerli-isikti-emdeytin-preparat-synaktan-setti-otti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.