Видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жүктелді. Онда блогер ән салып тұрған ұлы Аланның артына тұрып алып сексуалды би билеп тұр. Небәрі төрт жастағы Алан болса, барын салып билеп тұрған анасына «Қаншық ана» деген ән арнайды.
Желіде пайда болған бейнежазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Басым көпшілігі Айжанның әрекетін құптай қоймады.
«Масқара». «Баласына обал болды». «Баласы да өзі сияқты тексіз болмасын», «Мынау не тәрбие?». «Қарабет енді ұлын тықты ма порнографияға». «Мынаның әкесі ұялмай ма?» — деп жазды желі қолданушылары.
Атышулы Байзақова оразада жаман әдетінен тыйылғанын Экспресс К жазды. Ол оразаны өзін сынау үшін тұтқан. Соның арқасында ішімдік ішіп, темекі шегуін азайтқан.