Жиенқұлов егістіктегі қарбалас жұмыстармен танысты

164
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов пен аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Аманов жұмыс сапарымен бірқатар ауылдық округтер Жамбыл, Қарой, Айшабибі, Полатқосшыда болып, қызылша егу жұмыстарының барысын назарға алды. Биылғы қыстағы қардың қалың болуы су деңгейін біршама көтеріп тастады. Сол себепті де суармалы жерлер судан тапшылық көрмейді.
Шаруа қожалық иелері қант қызылшасын егуді мықтап қолға алуда.
Техникалары әзір шаруалар жер-анаға тер төгіп, үлкен табыс алудан үмітті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.