«Уланып жатырмыз»: жағымсыз иіс атыраулықтарды алаңдатып отыр

156

Атырау қаласының тұрғындары ауадағы сасық иіске шағымданып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Тұрғындар Іnstagram-да сасық иістен жүрек айнып, бас айналғаны жөнінде жарыса жазуда. Атырау қаласының үш тұрғыны облыстық экология департаментіне шағым берген.

Қала тұғындарының бірі Лаура Сүлейменова Атыраудағы экологиялық жағдайлардан кейін, өзге өңірге көшу мәселесін ойластырып жүргені туралы видео жүктеді.

«Қолайсыз экологиялық жағдайға байланысты Атыраудан көшу жайлы алғаш рет ойландық. Соңғы онжылдықта Атырауда күкіртті сутектің иісі тұрақты қайталанады. Біз үнемі терезелерді жауып, ауа баптағышпен дем алуға мәжбүрміз. Үйде ауа тазартқыштар үнемі қосылып тұрады. Өмір сапасы туралы не айтуға болады? Менің экология департаментіне демаршым шығарындылардың шығу көзін анықтауға қатысты болды. Мен қала тұрғындарын осы экологиялық геноцидтен құтқару үшін шара қабылдауды талап етемін», -деді Лаура Сүлейменова.

Ауадағы сасық иіске байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты төмендегідей ақпарат таратты.

«Атмосфералық ауаның сапасын бақылау постының деректеріне сәйкес 28 наурызда күкіртті сутек бойынша шекті рұқсат етілген концентрация нормативтерінің асып кеткені тіркелді. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Жел солтүстік-батыстан, яғни Атырау қаласынан зауытқа қарай соғып тұр. Демек, Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік процесі – жағымсыз иістің көзі емес», -деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Квадрат» булану алаңындағы ауа сапасын тексеру басталған.

 

https://turkystan.kz/article/218243-ulanyp-zhatyrmyz-zhagymsyz-iis-atyraulyktardy-alandatyp-otyr/

Leave A Reply

Your email address will not be published.