Түркістан облысында тағы да үшем дүниеге келді

76

Түркістан облысында бір аптада екінші үшем дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz.

Түркістан облысының № 3 облыстық перинаталды орталығында үшем дүниеге келді.

Әсел есімді Түркістан қаласының тұрғыны бір ұл, екі қыз босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Мерей, Мансур, Мейірім есімдері берілді.

Бүлдіршіндер дәрігерлердің бақылауында, жағдайы жақсы.

Нәрестелердің салмағы 2900 гр, 2420 гр және 2500 гр болған.

Еске салсақ, бүгін таңертең Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.