
14 наурыз – Көрісу күніне орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің алаңшасында арнайы іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты.
Мерекелік мәнге ие болған атаулы күннің маңызын өңірдегі қолөнер шеберлерінің көрмесі мен сауда-саттық жәрмеңкесі көріктендіре түсті.![]()

Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, ақ тілектерін жаудырса, қариялар баталарын берді.![]()

Жиналған халық «Дулати» халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын тамашалады. Сонымен қатар ұлттық ойындар да көрініс тауып, асық ату, ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылды.![]()

Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен тәмамдалды.


