Бангладеш астанасы Дакка қаласында жойқын жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан 14 адам қазақ тауып, 140-тан астам госпитальге түскен.
The Daily Star газетінің мәліметінше, қазір оқиға орнында 11 өрт сөндіретін топ жұмыс істеп жатыр. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы 5 қабатты және 7 қабатты тұрғын үйге зақым келген. Госпитальге түскен адамдардың ахуалы туралы әзірге мәлімет жоқ.
Жарылыс қоғамдық көлік қызметін көрсететін мемлекеттік мекеменің автобус аялдамасының маңайында болған. Оқиғаның себебі туралы әзірге ешқандай мәлімет айтылған жоқ.
ТАСС агенттігінің мәліметі бойынша, Дакка полиция басқармасындағылар жарылыс себептерін анықтап жатыр. Ал агенттік тілшісі сөйлескен оқиға куәгері жарылыс Siddique Bazar атты адам көп жүретін базардың ғимаратында болған. Жараланғандар Дакка медициналық колледжінің ауруханасына жөнелтілген. Ғимараттың ішінде бірнеше дүкен бар. Жарылыс ғимараттың астыңғы екі қабатын, маңайдағы көліктерді қатты зақымдаған.