Тікұшақ апаты: оқиға орнына зауыт өкілдері барды

149

Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ құлаған апат орнына зауыт өкілдері барды деп хабарлады turkystan.kz.

«МИ-8» әуе көлігін шығарған ресейлік кәсіпорын қызметкерлері де тергеуге қатысады.

Қазір оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым жерде Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен қонған. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру үшін ұшқан.

https://turkystan.kz/article/214957-tikushak-apaty-okiga-ornyna-zauyt-okilderi-bardy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.