9 күн бұрын жоғалған жігіт әлі табылмады

130

Ақмола облысында тоғыз күн бұрын жоғалған 21 жастағы жігіт табылмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 ақпанда Көкшетау қалалық ПБ-на облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгінген. Оның 2002 жылғы ұлы Рахман Жасланұлы Божантаев оралмағанын айтқан.

Аталған азамат 6 ақпанда Астанадан қонаққа барып, кері 13 ақпанда жолға шыққан. Содан бері хабарсыз. Қазір жоғалған азаматты іздеуге Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы мен күштері жұмылдырылды.

https://turkystan.kz/article/214382-9-kun-buryn-zhogalgan-zhigit-eli-tabylmady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.