«Саған жылауға болмайды»: Ердоған шатырды паналап жүрген баланы жұбатты

103

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі болған аймақ тұрғындарымен кездесіп, олардың жағдайларын сұрады деп хабарлады turkystan.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ұлтшыл қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчелимен бірге Османие қаласының тұрғындарымен кездесті.

Шатырды паналаған халықпен жүздесіп, олардың жағдайын білді. Сол кезде мектеп жасындағы бала Ердоғанды құшақтап жылап жіберді. Президент оған жылауға болмайтынын айтып, екі бетінен кезек-кезек сүйді. Содан кейін нешінші сыныпта оқитынын, оқу үлгерімі қалай екенін сұрады. Ол 2-сынып оқушысы әрі сабағы да жақсы екенін айтты.

Осы сәтте арғы жақтан «Өзі сезімтал, оның үстіне сізді қатты жақсы көреді» деген бейтаныс әйелдің дауысы шықты.

https://turkystan.kz/article/214279-sagan-zhylauga-bolmaydy-erdogan-shatyrdy-panalap-zhurgen-balany-zhubatty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.