Түркияда жер сілкінісінен 384 сағат өткенде екі адам құтқарылды

141

Түркияда жер сілкінісінен 384 сағат өткен соң құтқарушылар 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлын құтқарды деп хабарлады turkystan.kz.

Малатия қаласында құтқарушылар 14 қабатты үйдің 11-қабатында тұратын 70 жастағы Ханифи Акгюн мен оның 90 жастағы анасы Гүллу Акгюнді тірідей тапты.

Олар денсаулығына байланысты пәтерлерінен шыға алмаған. Шешесі мен баласын аудан адамдары жергілікті сенім телефонына хабарласқаннан кейін анықтады. Тиісті құтқару шараларынан кейін олар ауруханаға жатқызылды.

Мұғалім Х.Акгюннің айтуынша, қиын жағдайға қарамастан, ол екі апта ішінде анасының денсаулығын бақылауға алған.

https://turkystan.kz/article/214270-turkiyada-zher-silkinisinen-384-sagat-otkende-eki-adam-kutkaryldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.