Еліміздегі балабақшаларда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Елімізде 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Оның бірінші себебі жалақының аздығыға қатысты болып тұр. Сондықтан жас мамандар бұл салаға тартылмай жатыр. Сонымен қатар, мектепке дейінгі даярлық тобында біраз тәжірибе жинаған тәрбиешілер мектепке ауысып кетеді. Өйткені мектепте педагогтердің жалақысы жоғары екені белгілі», – деді Манара Адамова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жүрген педагогтердің жалақысын өсіру бағытында тиісті іс-шаралар пысықталуда.
«Егер 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар және ең төменгі ІІ санаты бар балабақша педагогінің орташа айлығына тоқталсақ, шамамен 164-172 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, тәжірибесі жоқ, жұмысқа енді ғана орналасқан жас маманның жалақысы 94-120 мың теңге аралығында болады», – деді институт директоры.
https://turkystan.kz/article/214255-elimizdegi-balabakshalarda-15-mynga-zhuyk-terbieshi-zhetispeydi/