Қазақстанда соңғы жылдары 6 мыңнан астам ата-ана балаларына вакцина егуден бас тартқан. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз жыл сайын мониторинг жүргіземіз. Өкінішке орай, соңғы жылдары вакцинадан бас тартқан тұрғындардың саны артты. Мысалы, 6 мыңнан астам ата-ана балаларын вакциналаудан бас тартқан. Дегенмен біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Себебі, вакцинадан бас тартқан ата-ана инфекциялардың қандай ауыр екенін, оның салдары қандай екенін түсінбе бермейді. Біз олардың вакцинадан бас тартуының себебін анықтаймыз. Барлық факторларды ескере отырып, теологтарды да діни тұрғыдан түсіндіру жұмыстарына қосамыз», – деді Н. Әзімбаева.
https://turkystan.kz/article/214251-6-mynnan-astam-ata-ana-balasyna-vaktsina-eguden-bas-tartkan/