Шығыс Қазақстанда аспандағы қызғылт бұлт жұртты шошытты (ВИДЕО)

88

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары «қызғылт бұлтты» видеоға түсіріп алған. Бұл видеоға қатысты ШҚО экология департаменті өкілдері түсініктеме берді.

Куәгерлердің айтуынша, 19 ақпанда олар Алтай ауданы Октябрь ауылының маңында қызғылт бұлт көрген. Тұрғындар дәл осындай құбылысты былтыр желтоқсанда да байқаған.

Желтоқсандағы оқиғаға орай тексеру жүргіздік. Тексеріс нәтижесі бойынша «қызғылт бұлттың» пайда болуына «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-нің саз карьеріндегі бұрғылау және жару жұмыстары себеп болғаны анықталды. Бұл жөнінде тағы мәселе туындаса, департамент қайта тексеруге дайын, – дейді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.

https://turkystan.kz/article/214238-shygys-kazakstanda-aspandagy-kyzgylt-bult-zhurtty-shoshytty-video/

Leave A Reply

Your email address will not be published.