Екібастұзда су жылыту қазандықтары іске қосылды

75

18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Энергетика министрлігінң баспасөз қызметі жазды.

Нәтижесінде салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтарын іске қосылуы басталды.

Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы 70 градус.

Оқиға орнында ТЖМ, Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында.https://baq.kz/ekibastuzda-su-zhylytu-qazandyqtary-iske-qosyldy-297858/

Leave A Reply

Your email address will not be published.