Тікелей эфирде балағат сөз айтқан павлодарлыққа айыппұл салынды

111

Ұсақ бұзақылық ТikToк әлеуметтік желісіне мониторинг жасау кезінде анықталды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу фактісін анықтады. Онда ол дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданған.

«Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері 140-қа жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті.

https://turkystan.kz/article/213856-tikeley-efirde-balagat-soz-aytkan-pavlodarlykka-ayyppul-salyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.