ҰҚК өкілі Челахтың ісіне қатысты пікір білдірді

77

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Владислав Челах ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Сенат отырысынан кейін тілшілер ҰҚК өкілінен жақында мәлімдеме жасаған Владислав Челахтың қандай шындықты айтқысы келетіні туралы сұрады. Алдажұманов аталған істің барлық жай-жапсары толық анықталғанын, алайда В.Челахтың тағы не айтқысы келетінін білмейтінін жеткізді.

«Бұл жерде пікір білдірудің өзі артық деп ойлаймын. Қылмыстық іс қозғалған жылы-ақ оқиғаның барлық мән-жайы анықталып қойған болатын. Оның не туралы айтқысы келетінін білмеймін. Тергеу толық көлемде жүргізілді, оның нәтижелерінің логикалық түйіні де шешілді. Ал егер өтініш түсіп жатса, оның не туралы екенін мазмұнынан біле жатармыз, өйткені мен оның не айтқысы келетінін білмей тұрмын», – деді Ерлан Алдажұманов.

Оның айтуынша, Шекара қызметінің ресми ұстанымы тергеу ұстанымы мен сот қорытындысына сәйкес келеді.

«Арқанкерген» бекеті маусымдық кезеңде, яғни жазда тауда жол ашылып, мемлекеттік шекараны бұзып өтуге және басқа да себептерге қолайлы соқпақтар пайда болған кезде орнатылады. Жазғы кезеңде, қажетіне қарай, жедел ақпарат түскен соң қойылады», – деді ол.

Айта кетейік, 22 қаңтарда «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін сотталған Владислав Челах арызданған болатын. Кейінірек Бас прокуратура арызды қарастырып жатқанын хабарлады.

https://turkystan.kz/article/213671-ukk-okili-chelahtyn-isine-katysty-pikir-bildirdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.