ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КІРЖУҒЫШ ҰНТАҒЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

513
Кентау қаласында жас кәсіпкер отандық өнім — кіржуғыш ұнтағын шығаруды қолға алған.
Шағын кәсіпорын күніне 1 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. «SuperChem» ЖШС-нің басшысы Ильяс Батыршаев отандық өнімнің өзге кіржуғыш ұнтақтардан айырмашылығы көп екенін айтады.
— Отандық кіржуғыш ұнтақтар антиаггергенді, теріге кері әсері жоқ. Өте үнемді. Салмағы 3 кг ұнтақпен 25 рет киімді жууға мүмкіндік бар. Киімді жақсы тазартып қана қоймай, ерекше хош иіс береді, — дейді жас кәсіпкер.
Бүгінде бұл кіржуғыш ұнтаққа сұраныс артқан. Кентаудан бөлек, облысымыздың аудан, қалаларынан, тіпті еліміздің басқа өңірлерінен де тапсырыстар көп. Алдағы уақытта кәсіпкер кәсібін ұлғайтып, жұмысшы санын арттыруды көздеп отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.