Әлемдегі ең қауіпті тыңшы қыз бостандыққа шықты

146

Қырғиқабақ соғыс кезінде 17 жыл бойы Кубаға АҚШ-тың барлау қызметінің аса құпия құжаттарын беріп отырған, тарихтағы ең қауіпті тыңшылардың бірі ретінде танылған Ана Монтес бостандыққа шықты.

Ана Монтестің тарихы туралы кітап жазған журналист Джим Попкин ол туралы деректерді айтып берді. Журналист деректерді алу үшін Ананың достарымен, туыстарымен, жақындарымен сөйлескен.

Әлемдегі ең қауіпті тыңшы қыз бостандыққа шықты

Монтес Хопкинс атындағы университетінің аспирантурасына түсіп, онда АҚШ-тың 40-шы президенті болған Рональд Рейганның әкімшілігі жүргізген саясатқа байланысты көзқарасын өзгерткен бірнеше адаммен танысады. Кейін оны куба барлау қызметінде қызмет істейтін студент Марта Веласкес байқайды. Марта оны бірге жұмыс істеуге көндіріп, онымен бірге басқа ел арқылы Куба астанасына барады. Жолай олар Кубаның Мадридтегі және Прагадағы басшыларымен кездеседі. Монтес Гаванада жүріп адамның өтірік айтқанын анықтайтын детекторды қалай алдап кетуге болатынын меңгереді. Арнайы түрлі жаттығудан өткеннен кейін ол кубалық таныстары арқылы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігіне жұмысқа тұрады.

Ана Монтес – идеологияның тыңшысы болған. Яғни, басқа шпиондарға қарағанда айырмашылығы сол, ол кубалықтардан ешқашан қызметі үшін ақша алмаған. Тек шығындары үшін ғана бірнеше мың АҚШ долларын алған.

Әлемдегі ең қауіпті тыңшы қыз бостандыққа шықты

Журналист Попкин кітапханадан Ананың есте сақтау қабілетін дамытуға қатысты алған кітаптарын тапқан. Тыңшы кез келген құжатты өзімен алмаған, тек есінде сақтап, жаттап алған.

Попкин Ананың өте сақ болғанын айтады. Себебі АҚШ барлау қызметінде істейтін оның туыстарының бірі Ананың кубалықтармен жұмыс істейтін тыңшы екенін тек ұсталған кезде ғана білген.

Ең қауіпті тыңшы нақты немен айналысқан?

Ана Монтес АҚШ-тың Куба, Қытай, Иран, Ресей туралы ақпарат жинау үшін арнайы жасалған «Мисти» спутник жүйесінің кодын бұзған. Журналистің айтуынша, ол толық ақпаратты білмейді. Дегенмен Монтес берген ақпараттарды Куба Ресейге беріп отырған деген ойды айтады.

Әлемдегі ең қауіпті тыңшы қыз бостандыққа шықты

Тыңшыны қалай тапқан?

Американың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі кубалық радио-хабарламалардың бірі Монтеске тікелей арналғанын біліп қойған.

Агенттік алған мәліметтерін екі жыл бойы іздеу жұмыстарымен айналысқан, бірақ таппаған ФБР-ге береді. Олар ақыры осылай Ана Монтесті қолға түсірген.

Ана Монтес 2001 жылы 11-қыркүйектегі жарылыстан кейін он күнде ұсталды. Оған Куба үшін тыңшылық қызметпен айналысты деген айып тағылып, 2002 жылы өзі де жасаған қылмысын мойындап, 25 жылға сотталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.