«Әлем аруы» байқауында Қырғызстанды Қазақстан деп бірнеше рет шатастырды

131

«Әлем аруы» халықаралық сұлулық конкурсында Қырғызстан атынан 18 жастағы Алтынай Ботоярова шықты.

Конкурс ұйымдастырушылары Алтынайдан және Қырғызстаннан ел атауын дұрыс айтпағандары үшін кешірім сұрады.

«Біздің команда жақында Жаңа Орлеанда болған шарада ел атауы дұрыс айтылмағаны үшін Қырғызстаннан кешірім сұрайды. Біздің команда жақсаруға уәде береді», — деп жазылған «Әлем аруы» конкурсының ресми парақшасында.

Ал Қазақстан өкілі Диана Тәшімбетова «Әлем аруы» жобасына қатыспай қалған еді. «Қазақстан аруы — 2022» финалисі сұлулық конкурсының ұйымдастырушыларына шағымданған. Ақыр соңында «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті Диана Тәшімбетованы «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырды.

 

 

https://stan-kz.translate.goog/alem-arui-baykauinda-kirgizstandi-kazakstan-dep-birnesh-376181/?_x_tr_sl=kk&_x_tr_tl=ru&_x_tr_hl=ru&_x_tr_pto=sc

Leave A Reply

Your email address will not be published.