Алматы облысында 7-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

132

Бұл туралы Дина Таңсәрі Facebook парақшасына жазба жариялады. Онда оқушы қыздың асылып қалғаны айтылған.

“Мектеп психологтары Білім министрлігінің бөлімінде жұмыс істемеуі керек деп бірнеше рет жазғанбыз! Олар мектеп ұжымының бір бөлігі болғандықтан оқушылар оларға сенбейді.
Осылайша өзіміз балаларымызды қорғай алмай отырмыз. Тіпті 1-сынып оқушыларының өзі мектеп психологына сенім артпайды”,- деп жазды Дина Таңсәрі.

Оқиғаға байланысты құзырлы органдар пікір білдірді.

“2023 жылдың 12 қаңтарында Қарасай аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан кәмелетке толмаған 14 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды. Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында кәмелетке толмаған жігіт те өз үйінде асылып қалған. Екі факті де Қарасай ауданы бойынша тіркелді. ҚР-ның Қылмыстық кодексi негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР-ның Қылмыстық-процестік кодексi бойынша басқа ақпарат жария етуге жатпайды”,- делінген хабарламада.

https://stan.kz/news-376169/

Leave A Reply

Your email address will not be published.