Әйелін қызғанышпен пышақтап өлтірген: сот үкімі шықты

110

Шымкентте азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген ер азаматқа қатысты сот үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz.

Көз жұмған Раушан Перманова 2022 жыл наурыз айында 50 жастағы Ермек Қабылбаевпен мұсылман шарты бойынша некеге отырған. 

Алайда, көп ұзамай, әйел күйеуінің қолынан көз жұмды. Ер адам оның мойын тамырына, жүрегіне, балтырына төрт рет пышақ сұққан. Мәйітханадағы сараптамаға сәйкес, Раушан ауыр жарақатынан 2 минут ішінде көз жұмған.

Сот үкімі бойынша Ермек Қабылбаев 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс деп танылды.

https://turkystan.kz/article/209826-eyelin-kyzganyshpen-pyshaktap-oltirgen-sot-ukimi-shykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.