Өткен бір тәулікте 76 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
3 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирустан 2 680 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 487, пневмониядан (КВИ-) – 193) емделуде. Оның ішінде, 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 7 адамның жағдайы ауыр,
– 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.