САРЫСУДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

235

Әлеуметтік–экономикалық дамудың  қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балалардың  жеке даралық ерекшеліктеріне,  қазіргі қоғамдағы  орнына, олардың мінез-құлық және мінез ерекшеліктеріне  мән беру маңызды жұмыстардың бірі.

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Ауданда 2006 жылдан бері педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттері жұмыс істейді. 100 орынға арналып ашылған. Оқу кабинеттер саны – 8, оның ішінде, психолог кабинеті –2, логопед кабинеті –2, дефектолог кабинеті –2, кабинет ЕДШ (емдік дене шынықтыру) нұсқаушысы –1, әлеуметтік педагог кабинеті –1. Соңғы жылдары балалар санында өсім байқалады. Мәселен, 2021 жылы-122 бала болса,  2022 жылы — 161 бала мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша арнайы мамандар көмегіне жүгінді. Жолдамаға сәйкес балалар саны  өзгеріп тұрады.

Қазіргі таңда түзету кабинеті 108 ерекше оқытуды қажет ететін балаларға көмек көрсетуде. Оның ішінде, қаладан–86, ауылдық елді мекендерден–22 бала.

Аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерінің жұмыстарын зерделей отырып, бала санының көптігін, қажетті қызмет көрсететін кабинеттерді көбейту, ата-аналарға арналған күту бөлмесінің жоқтығын назарға алып, заманауи талаптарға сай, кабинеттері кең әрі қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беру үшін нақты тапсырма берді.

Осыған орай білім бөліміне қарасты көп салалы колледждің бұрыңғы ғимаратына көшу мәселесі облыспен пысықталуда.

Бүгінгі күнде ғимараттың техникалық қадағалау қорытындысын алу, жобалық-сметалық құжаттарын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан тысқары қалдырмай, үнемі қолдау жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, 1 маусым–Балалар күні 60 балаға,  Жаңа жылға 50 балаға сыйлықтар таратылса, Жаңа жыл мерекесіне орай «Жібек жолы» мейрамханасы иесінің  демеушілігімен есепте тұрған 50 мүмкіндігі шектеулі балаға дастархан жайылып, сыйлық беріліп, бала басына 5000 теңгеден ақшалай таратылды.

30 тамыз–Конституция күніне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбыдан, шахматтан жарыс және қолөнерден жасалған көрме ұйымдастырылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеуге бағытталған әр түрлі іс-шаралар кешені» тақырыбында аудан көлемінде біршама жұмыстар жүргізілді.Мәселен, қыркүйек айының 5-13 күндері мүмкіндігі шектеулі балалар арасында 10 күндік емдік ипотерапия өткізілсе, қараша айында облыстан дәрігерлер (невропатолог, ортопед, логопед) алдырып, 3 күн бойы 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектер көрсетілді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.