Астана қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында ақтөбелік Ерасыл Амангелдінің топ жарып, алтыннан алқа таққанын сіздерге сүйіншілеп жеткізген едім.
Бүгін 350 палуанның арасынан оқ бойы оза шапқан Әлем чемпионы Ерасыл баламмен кездесіп, жеңісімен шын жүректен құттықтадым.
Ақтық белдесуде тәжік палуанын жеңген жерлесіміз дүбірлі дода кезіндегі қызықты сәттерімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Әлемдік жарыстарда көк туымызды желбіретіп жүрген ақтөбелік спортшыларымыздың күн санап қатары көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады.
Біз спортсүйер жастарды әрқашан қолдауға дайынбыз.
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов