«БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ЖЕТІСТІК»

332

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық тараз инновациялық институты «БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ЖЕТІСТІК» тақырыбында республикалық студенттер форумын өткізді.

Форумның аясында Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы: Ұлт ұстазының жолымен» тақырыбында «ITII CUP — IV» үшін студенттер арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге еліміздің түркір-түпкіріне Алматы, Ақмола, Түркістан, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы және шымкент қалаларынан 30-ға жуық топ қатысып, бақтарын сынады. Олар әлемдік және өңірлік өзекті мәселелер бойынша қарарлар бойынша талқылар, олардың шешу жолдарын қарастырды.

«Дебат — студенттердің ой-өрісін кеңейтетін, сөйлеу шеберлігін дамытатын ойын. Еліміз бойынша жоғары деңгейде, жүйелі жолға қойылған ойын деп айтсақ болады. Ал, «ITII CUP — IV» біздің асықа күтетін турниріміз. Бұл турнирге мен бірнеше жыл қатарынан қатысып келемін. Турнирде түрлі ерекшеліктер, жаңашылықтар мен жоғары көңіл-күй сыйлайтын ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Бұл жолы қатысушыларға ұлттық киім үлгісінде өткізу маған қатты ұнады» -дейді Ботагөз Жақсылық.

Турнир қорыныдысы бойынша Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Марат Баяндин марапаттады. Төрешілердің шешімімен 1-орынды Нұрболат Тілеубай, Жандос Әмре (Алматы қаласы), 2-орынды Нұрдаулет Өмірзақ, Думан Әсембек (Алматы қаласы), 3-орынды Болат Байтөриев, Ерзат Сәбит (Алматы қаласы), сондай-ақ, турнирдің «Үздік спикері» номинациясымен Нұрдәулет Өмірзақ (Алматы қаласы) және «Үздік төреші» номинациясымен Ұланбике Баушабай (Тараз қаласы) марапатталды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйақы тағайындалды.

Сонымен қатар, облыстық пікірсайыс ойындарын дамытуға қосқан үлесі үшін Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Тоқберген «Пікірсайыс дамуына қосқан үлесі» үшін медалімен Есімхан Рахымжанов пен Бекболат Асқарды марапаттады.

«Бүгінгі турнирде арайы киім үлгілерін сақтау талабы қойылды. Барлық қатысушылар қазақ ұлттық киім үлгілерінің бір нышанында киініп, немесе бір заттарын тағып келуі шарт болды. Ал ең әдемі, үйлесімді болған азаматтар мен азаматшалар арнайы дипломдар мен естелік силықтарға ие болды» — деді Ақбота Қойшыбаева

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.