Республикалық студенттер форумы

306

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық тараз инновациялық институты «БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ЖЕТІСТІК» тақырыбында республикалық студенттер форумын өткізді.

Форум аясында Ықылас Дүкенұлы атындақы қалалық мәдениет үйінде «ХТИИ ректорының кубогы» үшін облыстық Жайдарман» жекпе-жек ойыны өткізлді. Жайдарман ойынын Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті, ф.ғ.д., профессор, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ерболат Байұзақұлы Саурықов ашты.

«Бүгінгі ойын жас жайдарманылардың шабытын шыңдайтын, жайдарманға деген көрермендердің шөлін қандыратын ойын болады деген ойдамын. Жайдарман талантты да, дарынды жастардың ортасы. Осы арқылы талай жастарымыз жоғары биіктерді бағындырып жүргенін баршаларыңыз білесіздер.

Біз және бәздің оқу орны әрдайым талантты жастарды қолдауға дайыбыз. Бүгінгі форум аясында Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін және жастар ұйымдарының жұмысын дамыту жолдары» тақырыбында студенттік конференция, «Ахмет Байтұрсынұлы: Ұлт ұстазының жолымен» тақырыбында «ITII CUP — IV» үшін студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирі, «Әділетті Қазақстан – Әділетті қоғам» тақырыбында «ХТИИ ректор кубогы» үшін  облыстық Жайдарман ойыны және семинарлар, теренингтер мен түрлі нетворкинг шаралар өткізілуде» — деді Ерболат Саурықов.

Бүгінгінгі ойынға облыстың сегіз мықты командалары қатысып, бақ сынады. Олар Олар алдын ала анықталған жеребеге сәйкес жекепе-жек ойын көрсетті. Жеңімпаздараға ұйымдастыруышылар тарапынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

«Бүгінгі жайдарман облыстағы жайдарманшылардың басын қосып, көрермендерге көңілді кеш сыйлады.  Еліміздегі санитарлық жағдайларға байланысты соңғы уақыттарда өтпегеніне байланысты көрерменнің көңілінен шықты» — деді Уалихан Болатбек.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.