Бас прокуратура ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өлімі бойынша күдіктінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Күдікті ұсталып, қамауға алынды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске салайық, 6 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар қайтыс болған. Университеттің баспасөз қызметі оны коменданттық сағат басталмай тұрып үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреу көлігінде атып өлтіргенін хабарлаған.