«Менiң отбасым — алтын бесігім»

242

Тергеу изоляторы N67 мекемесіндегі тергеудегі кәмелет жасына толмаған жасөспiрiмдермен «Менiң отбасым-алтын бесігім» атты iс-шара
ұйымдастырылды.

Отан отбасыдан басталады деп бекер айтылмаған, демек әрбiр адамзаттың- алтын ұясы бар, яғни бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейiрiм алады. Отбасының тiрегi сүйiспеншiлiк, бiрлiк пен сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең деп, ҚАЖД №67 мекемесiндегi АКАТЖжӘП бөлiмшесiнiң кәмелет жасына толмаған жасөспiрiмдер инспекторы әдiлет аға лейтенанты М.Н.Мыркалиева мекемеде ұсталынып отырған тергеудегі кәмелет жасына толмаған жасөспiрiмдермен «Менiң отбасым-алтын бесігім» атты тәрбиелiк мәнi бар iс-шарасын өткізді. Осыған орай мекемедегi кәмелет жасына толмаған жасөспiрiмдер «Meнің отбасым-алтын бесiгiм» атты тақырыбына өздерiнiң алтын ұя-Отбасыларының маңыздылығын, яғни қуаныш пен қиыншылықта ауызбіршіліпен жұмылған жұдырықтай кез келген жағдайда арқа сүйер ата-анасы, бауырларының барын бағалап, сағыныштарын тергеудегі жасөспірімдер ойларын біреуі суреттеп, біреуі шығарма жазып ақ кағазбен жеткiздi.
Бұл iс-шара кәмелет жасына толмаған жасөспiрiмдердi отбасыларын бағалап, қадірлеп отбасының маңыздылығын сезiну және түзеу мақсатында оларға жоспарлы және мақсатты ықпал етумен айқындалады, яғни жеткіншектердiң бiлiмдар, зерек, зерделі болуы үшiн және талаптанып, көп ізденуiне мүмкiндiктер берiп үнемi жол ашып беру, олардың сурет салу және шығарма жазу және т.б жалпы сананы зерделеу болып табылады.

Мақала авторы: Мыркалиева Меруерт

Leave A Reply

Your email address will not be published.