Азия чемпионатында топ жарды

952

Жақында Калутара қаласында (Шри-Ланка) шахматтан оқушылар арасында өткен Азия чемпионатында  жерлесіміз 7 жасар Кален Олжас  бірден 3 медальді қанжығасына байлап, қола медальді алды.

Олжас 7 жасқа дейінгі ұлдар арасында рапид, блиц, классика  бойынша бақ сынасып, жалпы командалық есепте  чемпион атанды.

Жарысқа 18 мемлекеттен 400 спортшы қатысқан.

Айта кетейік, бұған дейін Қален Олжас Албанияның Дурос қаласында  өткен әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткен. Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыста 2 орынды алған болатын.  Шымкент қаласында өткен халықаралық жарыста 2 орынды иеленді. Көптеген турнирде есептен жаңылыспай, әр қадамын жеті рет ойлап, бір рет кесіп жүрген қаршадай Олжастың алдында әлі талай асқақ асулар тұр. Ел мен өңір намысын абыроймен қорғап жүрген жерлесіміздің халықаралық турнирлерде мемлекетіміздің намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындырарына сенеміз.

Олжас  Тараз қаласындағы  Тараз қаласындағы «Отважная пешка» шахмат мектебінің білікті жоғары категориялы тренері Нұргүл  Иланбековадан   тәлім алады.   Тараз қаласындағы № 5 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп гимназиясының 1 сынып оқушысы.

arainews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.